• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қаңтар, 2022

Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті

322 рет
көрсетілді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қылмыстық іс сотқа түсті. Бүгінгі таңда іс сот өндірісіне қабылданған жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау не істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды. Ол туралы қосымша хабарлаймыз», деп жазылған ресми мәліметте.