• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 17 Қаңтар, 2022

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 177 адам төтенше жағдай режимін бұзған

199 рет
көрсетілді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы комендатурасының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елордадағы жағдай тұрақты. Түнгі сағат 23.00-ден бастап таңғы 07.00-ге дейін коменданттық сағат жалғасуда. Қала периметрі бойынша 6 блокбекет тәулік бойы жұмыс істеуде. Бір тәуліктің ішінде қалада 9 қылмыс тіркелді. 74 жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адам жарақат алды. 102 арнасына 1 732 астам қоңырау түскен. Олардың көбі - анықтамалық сипаттағы хабарламалар. Қала тұрғындарын ауа райына байланысты тас жолдың жағдайы, блокбекеттердің жұмысы, сондай-ақ, құқық бұзушылық туралы мәселелер қызықтыруда», деп жазылған комендатура таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, елордада бір күнде 177 адам төтенше жағдай режимін бұзған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді сот қабылдайды.