• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қаңтар, 2022

Қазақстан тауарларын қай елдерге экспорттайды

2037 рет
көрсетілді

Сауда министрлігі Қазақстанның 2021 жылғы қаңтар-қарашадағы сыртқы саудасының қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның қорытындысына сәйкес, қазақстандық тауарларды өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Италия және Ресей болып қалуда. Сондай-ақ, БЭЖ, ЕО және Орталық Азия елдеріне жеткізілімдердің айтарлықтай өсуі тіркелді.

«Қазақстанда өндірілген өнімнің 51%-ы экспортқа кетті. Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі 32,8%-ды құрады. Тауар нарықтарының саны 114-тен 121 мемлекетке дейін ұлғайды. Өңделген тауарлардың экспорты 2019 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 24,1%-ға өсті. Өнеркәсіп тауарларының (+30,0%) және ауыл шаруашылығы тауарларының (+2,1%) шикізаттық емес экспорты ұлғайды. 2021 жылдың 9 айында көрсетілетін қызметтер экспорты 11,3%-ға өсті. Экспортталатын негізгі қызметтер - көлік қызметтері, сапарлар және басқа да іскерлік қызметтер», делінген сауда министрлігінің ақпаратында.