• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қаңтар, 2022

Еңбек министрлігі халықты алданып қалмауға шақырды

349 рет
көрсетілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі онлайн сауалнама жүргізіп, кейіннен 50 мың теңге мөлшерінде сыйақы төлейтіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазады Egemen.kz

Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертеміз. Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз.