• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қаңтар, 2022

«Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлерінің еңбекақысы қашан өседі?

911 рет
көрсетілді

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі қайта қаралады. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ЦДИАӨМ басшысы хабарлағандай, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерінен жалақыны өзгертуге ықпал ету туралы өтініштер күн сайын артып отыр.

«ХҚКО қызметкерлеріне үлкен жүктеме түседі. Біздің фронт-офистеріміз - мемлекеттің тұлғасы, өйткені ХҚКО қызметкері - мемлекеттік қызметті оффлайн алудың жалғыз тәсілі», деді Бағдат Мусин.

Министрдің айтуынша, осы демалыс күндері ол «Азаматтарға арналған үкіметтің» басшылық құрамымен жағдайды талқылаған.

«Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ Басқарма Төрағасы жалақыны арттыру жөніндегі жоспарды әзірлеп, еңбекақы мен сыйақы төлеу жүйесін қайта қарауды тапсырды», деді министр.

Оның айтуынша, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін ұжымдардың облыс өкілдерімен бірге пысықтау маңызды.

Айта кетсек, 17 қаңтарда еліміздегі барлық мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы толық қалпына келтірілді.