• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қаңтар, 2022

Шектеу шаралары күшейді

131 рет
көрсетілді

Індет қайта етек ала бастаған Қостанай облысы да «сары аймаққа» көшіп, шектеу шараларын күшейтті. Облыстық денсаулық сақтау департаменті 10 қаңтарда 3 адам COVID-19 жұқтырды деп мәлімет беріп еді, бұл көрсеткіш айналдырған 6 күннің ішінде жүздің үстіне бір-ақ шықты.

Облыстың бас санитарлық дәрігері жария еткен жаңа қау­лы­ға сәйкес, бұдан былай той-то­малақтар мен форум, конферен­ция сияқты көпшілік шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды. Тек марқұмдардың ру­хы­на дұға бағыштап, ас беруге ғ­а­на рұқсат бар. Ashyq қо­сым­­шасы орнатылған қоғам­дық тамақтану орындарында өтуі тиіс мұндай шараларға әрі кет­кенде 30 адам ғана қатыса алады.

COVID-19-ға қарсы вакцина қабылдаған-қабылдамағанына қарамастан, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің кем дегенде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулет­баевтың айтуынша, ел ішінде ұжымдық иммунитет толық қалыптасты деуге әлі ерте.

– «Омикронның» жұғу жыл­­дамдығы «Дельта» штамы­на қарағанда 5 есе жоғары. Бетпер­десіз адамның қасында бес минут тұрған адамның өзі қауіп­ті індетті жұқтырып алуы мүм­кін. Коронавирус инфек­циясы­ның басқа түрле­ріндей емес, «Омикрон» 20-30 жас ара­лы­ғын­дағы адамдарға көбірек жұғады. Соңғы кездері тұрғын­дардың дені қоғамдық орындарда сақтанып жүруді ұмытып, тәртіпке салғырт қарай баста­ды. Нәтижесінде, вирусты қайта жұқтырып алған науқастар қата­ры көбеюде, – деді Е.Дәулетбаев.

Сонымен қатар мектеп оқу­шы­лары 31 қаңтарға дейін, ал жо­ғары оқу орындары мен кол­ледж студенттері 6 ақпанға дейін онлайн режімде оқитын болады.

 

Қостанай облысы