Қостанай облысындағы машина құрастыру зауытында жарылыс болды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.
Аталған зауытта газ қоспасы жарылып, бір адам қайтыс болды. Ол 1970 жылы туған Ресей елінің азаматы болатын. Тағы бір күйік шалған адам ауруханада жатыр. Құзырлы орындар апаттың себебін тергеу ісі аяқталғасын жариялайтынын мәлімдеді.
«Зауыттағы жарылыстан бір адам көз жұмды. Ал күйік шалған азамат та Ресей елінің азаматы. Зауытта болған апаттың неден болғанын тексеру жұмысынан соң айтамыз»,- дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Уәлихан Досанов.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «24 kz».
Фото: Glavred.info.