ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында Қазақстанда МСАК деңгейінде уақытылы медициналық көмекті нығайту және ұйымдастыру бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Амбулаториялық науқастар санының өсуін ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, МСАК деңгейінде уақтылы медициналық көмекті нығайту және ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауда», деді Ажар Ғиният.
Елімізде 3054 мобильді бригада, резервте 1622 бригада жұмыс істейтіні атап өтілді. Кронавирус инфекциясы анықталған науқастарды амбулаториялық емдеуге учаскелік медицина қызметкерлері де қосылған. Шұғыл медициналық көмекті 1486 жедел медициналық жәрдем бригадасы көрсетеді, резервте тағы 150 бар.
«КВИ бойынша медициналық көмек көрсетуге барлығы 40 мыңға жуық медицина қызметкері тартылған, оның ішінде 7 239 дәрігер, сонымен қатар 4 556 бірлік резерв бар, оның ішінде 1217 дәрігер», деп толықтырды Ажар Ғиният.