• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Коронавирус 19 Қаңтар, 2022

Ковидтің жауы – карантин

249 рет
көрсетілді

Осы аптаның басынан Қарағанды облысында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуіне және өңірдің «қызыл аймаққа» енуіне байланысты санитарлық-карантиндік режім күшейтілді. Бұл турасында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеді.

Қаулыда қарастырылған жаңа шектеулерге сай, облыс­т­а ашық ауада да, үй ішінде де жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Отбасылық және басқа да шараларды үйде де ұйымдастыруға болмайды. Тек еске алу рәсімдеріне рұқсат беріледі. Оларды Ashyq жобасына қатысатын нысандарда шақырылғандардың саны 30 адамнан аспаған жағдайда ғана өткізуге болады.

Караоке-барларда әндер мен билерге тыйым салынды. Мекемелер тек қоғамдық тамақ­тану қызметтерін ғана ұсына алады. Қоғамдық тамақ­тану орындарында бір үстел басында төрт адамнан артық отырмауы тиіс. Және олардың арасында кемінде бір жарым метр қашықтық болуы керек.

Кинотеатрларға зал іші 30%-дан артық толтырылмаған жағ­дайда Ashyq қосымшасымен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Оның өзінде «жасыл» мәртебесі барлар ғана кино көре алады.

Ю.Залыгин барлық ауылдық мектептер мен қалалар және аудан орталықтарындағы оқушы­лар саны 600-ге дейін болатын мектептерде оқыту штаттық пішімде жүргізілетінін айтты. Оқушылар саны 600 және одан көп болса, қала мектептері мен аудан орталықтарының мектептері қашықтан оқыту нысанына көшеді. Ескерте кететін бір жайт, бұл жағдайда 1-2-сыныптар офлайн режі­мінде оқуды жалғастыра бере­ді. Ал кезекші сыныптар 3-5-сы­нып оқушылары үшін ұйым­дастырылады.

Ескерте кететін бір жайт, аумағы 100 шаршы метрден ас­там сауда-ойын-сауық орта­лық­тары мен азық-түлік емес сауда үйлеріне, сондай-ақ ауда­­­ны 6 мың шаршы метрден асатын азық-түлік желі­леріне кі­руге тек «жасыл» мәр­тебесі бар адамдарға ғана рұқ­сат еті­ле­ді. Бұл спорттық-сауық­ты­ру ор­­та­­лықтарына, фитнес-ор­та­лық­тарға, мон­шаларға, сауна­ларға, бассейндерге де қатысты.

 

Қарағанды облысы