ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оған сәйкес, 17 қаңтар күні Қазақстан аумағында 10 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан қайтыс болғандардың көбі Маңғыстау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 адамнан тіркелген.
Сондай-ақ Алматы қаласы мен Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында - бір адамнан көз жұмды.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.