• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қаңтар, 2022

Қытайда бала туу көрсеткіші рекордтық деңгейде төмендеп кетті

2794 рет
көрсетілді

Қытайда бала туу көрсеткіші бесінші жыл қатарынан рекордтық деңгейге дейін төмендеп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz cnn.com-ға сілтеме жасап.

Үкіметтің демографиялық дағдарысты реттеу мақсатында тұрғындарды белсенді түрде  бала көтеруге үгіттеген барлық іс-шараларына қарамастан, 2021 жылы туу көрсеткіші жаңа рекордтық деңгейге жетті.

Қытай Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен жылы әлемдегі ең көп халқы бар ел 10,62 миллион тууды немесе 1000 адамға 7,5 туылуды тіркеді, бұл 1949 жылы коммунистік Қытай құрылғаннан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Қытай демографтары егер бұл дағдарыс тоқтамаса, Қытай халқы көп ұзамай азая бастауы мүмкін деп ескертеді

Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросының басшысы Нин Цзичже бала туудың төмендеуіне тек әйелдер жасының ұлғаю мен, жас отбасы санының азаюына әлемдік пандемияның да зор әсері барын жеткізді.

Өткен жылы 20-дан астам провинциялық немесе аймақтық үкіметтер отбасын жоспарлау туралы заңдарға, соның ішінде әйелдер үшін жүктілік және босану демалысын ұзартуға түзетулер енгізді. Мысалы, Шығыс Чжэцзян провинциясы үшінші балаға 188 күндік жүктілік және босану демалысын ұсынады; ал Солтүстік Шэньси провинциясында әйелдер үшінші баланың туылуы үшін 350 күндік ақылы еңбек демалысын пайдалана алады.

Асель Жигитова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

филология факультетінің студенті.