• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 19 Қаңтар, 2022

Ревакцинацияны кімдерге алуға болмайды?

468 рет
көрсетілді

Ревакцинация алғашқы жасалған екпеден кейінгі иммунитетті қолдауға арналады. Ревакцинацияға қалай дайындалу керек және оны кімге алуға болмайды? Бұл сұрақтарға елордадағы №15 қалалық емхананың СӨС дәрігері Гюзель Егінбай жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ревакцинация – бұл вакцинаны немесе оның компоненттерінің бірін қайта енгізу. Бұл шара алдыңғы вакциналардан кейінгі иммунитетті қолдауға бағытталған. Жалпы, ревакцинация иммунитеттің вируспен күресуі үшін жасалады. Уақыт өте келе ағзаның коронавирус инфекциясынан қорғалу дәрежесі төмендейді, осыған байланысты вакцинаны қайта алу қажет.

«Сарапшылардың көбісі «кросс-вакцинацияны», яғни вакцинаның басқа түрін қабылдауды жөн санайды. Қазақстанда ревакцинация шартты түрде екі кезең бойынша өтетіні белгілі. Бірінші кезекте қауіп тобындағы адамдар егіледі. Алдымен медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдары мен жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері ревакцинациядан өтеді. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім, өйткені олар адам көп шоғырланған үлкен ұжымдарда жұмыс істейді»,  деді дәрігер.

Сондай-ақ, ревакцинация негізінен созылмалы инфекциямен ауырған немесе өткір инфекция жұқтырған адамдар үшін қажет. Мұндай адамдарда иммунитеттің әлсіреуі жиі кездеседі және коронавирусқа қарсы иммундық күшті сақтау үшін пациенттерге ревакцинация қажет. Айта кету керек, ревакцинация инфекцияны қайта жұқтыру қаупін күрт төмендетеді. Ревакцинация тәртібі екпені алғаш алған кездегідей жүргізіледі: пациент терапевтке барып, ревакцинация жасауға рұқсат алады. Осыған дейін коронавирус жұқтырған, сол сияқты адам ағзасындағы антиденелер саны екпені қайта алуына кедергі болмайды.

Ревакцинациядан кімдер өте алмайды?

Ол да екпені алғаш алған кездегідей: созылмалы аурулардың өршуі, жіті жедел аурулардың болуы және вакцинаға аллергиялық реакциялардың болуы.

Ревакцинацияға қай уақытта рұқсат етілмейді?

Ревакцинацияны кейінге қалдыруға болады, егер:

- созылмалы аурулардың өршуі болса;

- вакцинациядан екі апта бұрын және вакцинация кезінде ЖРВИ белгілері болса;

- соңғы 14 күнде басқа екпелер жасалған болса. Мұндай жағдайларда иммунитет әлсірейді. Сондықтан жағдайдың дұрысталғанын күту немесе басқа вакцинациядан кейін бір ай уақыт өткенін күту керек, осыдан кейін коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялану керек.

Ревакцинацияға қалай дайындалу керек?

Қайта вакцинацияланғысы келетіндер бірнеше тармақты ескеруі керек:

- Ревакцинациядан өткенге дейін үш күн ішінде алкоголь ішпеу керек.

- Вакцинация алдында физикалық, эмоциялық күш түсетін жұмыс істеуге болмайды. Сол сияқты екпе алғаннан кейін де 3 күн ішінде физикалық күш түсетін жұмыс істемеу керек.

- 37°C және одан жоғары дене қызуы кезінде екпе алуға болмайды.

- Вакцинациядан бұрын тамақтану керек, бірақ тамақ майлы болмауы керек. Сондай-ақ басқа бір елге саяхаттар болсаңыз, ол елге кіру ережелерін алдын ала білу керек, себебі өзгерістер жиі енгізіліп отырады.