Қазақстанның 1-ші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
А.Бублик екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, франциялық Гаэль Монфиспен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын 2020 жылғы Франция ашық чемпионатында ұтқан болатын.
Бұл жолы алғашқы екі партияда Бубликтің ойыны жүрмей, жиі қателесті - 1:6, 0:6. Үшінші сетте қарсыласып баққанмен, жеңіс Монфистің еншісінде кетті - 6:4. Франциялық спортшы үшінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, чилилік Кристиан Гаринмен шеберлік байқасады. Г.Монфис 1 сағат 29 минутқа созылған кездесуде 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
А.Бублик 4 эйспен ғана шектеліп, 4 брейк-пойнттан еш нәтиже шығара алмады. Ол өткен жылы да Аустралия ашық чемпионатында екінші айналымнан аса алмаған еді.
Осылайша аталмыш біріншілікте жекелей сында Қазақстаннан Елена Рыбакина ғана қалды.