• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2014

Ферроқорытпа зауыты салынбақ

445 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев баяндама жасады. Сыр өңірінің басшысы аймақтағы металлургия кластерінің тұжырымдамасын таныстырды. Негізінен металлургиялық клас­тер Қазақстанның жаңа тау-кен ме­­­тал­лур­гиялық орталығының қоз­­ғалтқыш күші ретінде Қызыл­ор­да облысын жасақ­тауға және си­рек кез­десетін металдарды эконо­ми­ка­лық айналымға енгізуге мүм­кіндігін береді. Кластер құрылымында ин­но­ва­­циялық қызмет көрсету ин­фра­құ­рылымын жасақ­тау көз­де­леді. Мә­селен, жаңа кен орында­рында ме­талл қорларын анықтау бойын­ша жұмыс жоспарланып отыр. Сон­дай-ақ, металлургиялық кластер мүшелеріне жә­не серік­тестеріне ҒЗТКЖ жобалық-конс­­трукторлық жұмыстар және басқа да ин­жи­ни­ринг саласында қызмет көрсе­тілмек. Сарапшылар және ғалым­дар­дың бағалауынша, Қы­зылорда об­лысында ванадий және көп ме­талдық кен орындары негі­зінде металлургиялық кластер жа­сақ­тауға мүмкіндік бар. Ал метал­лургиялық кластердің бола­шақта бас тетігі болып табылатын фер­ро­қо­рытпа зауытын салу ай­ма­­ғы­мыз­­дың экономикасын да­­мы­туға сеп болмақ. Бүгінгі күнде ферроқорытпа зауы­тының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру мақсатында облыс әкім­дігімен «Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial Development Co., Ltd» қытайлық компания төрағасы Чжанг Лижонг арасында өзара серіктестік жө­нінде меморандумға және кездесу хат­тамасына қол қойды. «ВАОТА» компа­ниясы екі ай ішін­де техникалық-эконо­ми­калық не­гіздемені жасақтап, облыс әкім­дігіне келісуге ұсынуға міндеттеме алды. Мәжіліс қорытындысында фер­ро­қорытпа зауыты жобасының тех­никалық-экономикалық негіз­демесін жасақтап, ағымдағы жыл­дың мамыр айының ортасына дейін Үкіметке ұсыну жөнінде шешім қабылданды. «Егемен-ақпарат».