• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қаңтар, 2022

Ерекше күтімді қажет етеді

429 рет
көрсетілді

Мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелер ерекше күтімді қажет етеді. Олар әбден ширағанша белгілі бір температура мен ылғалдылық сақталатын арнайы бокс-кювездің ішінде болады. Өйткені шалабайлар дене жылуын тез жоғалтады екен.

Таяуда «Асыл Ана 2020» қо­­ғам­­­дық қорының еріктілері шала туған нәрестелерге жүннен шұ­лық­­тар мен киім-кешек тоқып, оларды При­шахтинск елді ме­кеніндегі пери­наталды орталыққа табыс етті. Аталған қордың басшысы Ай­жан Байделдинованың айтуын­ша, бү­гінде әрбір оныншы бала мер­зі­мінен бұрын жарық дүниеге келеді екен.

– «Шалабайлар» деп уақы­тынан бұрын туған балаларды айтады. Біз Пришахтинск перинатал­ды орталығында сал­мағы 500-ден 2 200 грамм болып өмірге келген сәбилерге жүннен тоқылған жылы және түрлі-түсті жиынтықтарды сый­ға тарттық. Кіп-кішкентай шұ­лық­тар мен бас киімдерді, кеудеше­лер мен көрпешелерді біздің көп балалы аналарымыз тоқыды, – дейді ол.

Мамандар қылшықты жүн шалабайларды жылытып қана қоймайды, сонымен қатар оларды қозғалып жатуға итермелейді екен. Осылайша, қан айналымын қалпына келтіретін көрінеді.

Қазіргі таңда «Асыл Ана 2020» қоғамдық қорының 2 300-ге жуық мүшесі бар. Олардың бар­лығы өңірдің қоғамдық өмірі­не белсенді қатысады. Қор бірне­ше жылдан бері облыстағы әлеу­меттік тұрғыда аз қамтылған тұр­ғындарға қол ұшын созып келеді. «Жақсылық жаса – Делай добро» қайырымдылық жәрмеңкесін де өткізіп тұрады.

 

Қарағанды облысы