Қазақстанда ешқашан әртараптандырылған экономика құрылған емес. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстанда ақша тауып оны басқа бір елде жұмсау қағидаты болмау керек. Еліміздің қаржысы шетелге кетпеуі керек. Қаражат шынайы экономикаға барғаны жөн. Сол себепті бизнес жобаларды реттеу керек. Сонымен бірге бізге қаржылық ресурстарымызды барынша пайдалану маңызды болып тұр», деді Президент
Мемлекет басшысы бұл қайта құруларды қаржыландыру кешегі кеңестік кезеңнен қалған мемлекеттік мүлікті жекешелендіру арқылы жүзеге асырылғанын қосты.
«Осы негізде отандық кәсіпкерліктің жаңа класы дүниеге келді. Екінші бетбұрыс 2000 жылдардағы тауар суперциклімен байланысты болды. Экономика жаһандық үдерістерге кірігуге мүмкіндік алды, шетелдік инвесторлар үшін жағдай жасалды, бұл елге, ең алдымен, тау-кен өнеркәсібі мен банк секторына ірі қаражатты тартуға мүмкіндік берді. Бұл қаржылар қазақ экономикасын нәрлендіріп, оған тұрақтылық беріп, әлеуметтік-бағдарлы мемлекет құруға мүмкіндік берді», деді Мемлекет басшысы.