Qatar Airways және Air Arabia әуе компаниялары Қазақстанға рейстерді қайта бастады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
2022 жылғы 21 қаңтардан бастап катарлық «Qatar Airways» әуе компаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен Доха – Алматы – Доха бағыты бойынша ұшуларды қайта бастады. Рейстер дүйсенбі және жұма күндері А-320 типті әуе кемесінде орындалады.
Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінің «Air Arabia» әуе компаниясы 2022 жылғы 21 қаңтардан бастап А–320/А–321 типті әуе кемесінде сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері аптасына 3 рейс жиілігімен Шарджа-Алматы-Шарджа бағыты бойынша ұшуды қайта бастады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.