• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2014

Қызылорда: Әз Наурыз мерекесіне дайындық басталып кетті

547 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының Қазалы ауданында Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар басталып кетті. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған өңір туралы «Қазыналы Қазалы-ортаймаған қазаны» деген қанатты сөз бар. Тарихын зерделеген азамат бұл айтылғанның бекер еместігін бірден аңғарады. Осындай айтулы жердің азаматтары аға-апаларының елеулі еңбегін  ескерусіз қалдырған емес. Мәселен, белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай «қазақ өнерінің ақ желкеніне» теңеген Сәбира Майқанованың 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Шара аясында жастардың шығармашылығына баға беріліп, үздіктеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді. Осы рухани кештің ізін ала Қазалы ауданы Наурыз мерекесін лайықты өткізу қамына кірісті. Аудан әкімі Бахыт Жахановтың тапсырмасымен, орталық алаңға этно ауыл орналастырылатын болды. Бұл жерден ұлттық зергерлік бұйымдар орын алады. Қазір аудандағы барлық мекемелер тазалық айлығына ұйымшылдықпен атсалысуда. Өйткені, Әз Наурыз  кіршіксіз көңіл мен қоршаған ортаның таза болуынан нәр алады. Оның құрметіне ертеде ағаш пен гүл егілген. Бір-біріне адамдар жылы лебізін білдіріп, қайрымдылық істер жасаған. Осы соңғы айтылғанды жергілікті билік осы Наурыз мерекесі күні тағы қолға алғалы отыр. «Тарихы терең Қазалы ауданында Наурыз мерекесіне дайындық жұмыстары басталып кетті. Оны ойдағыдай өткізу үшін әрбір мекеме өз айналасының тазалығын ретке келтіру үстінде. Мереке күні қайырымдылық шарасы өткізіліп, жұртшылыққа театрландырылған қойылым тарту етіледі», - делінген хабарламада. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Фото: i-news.kz.