• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 21 Қаңтар, 2022

Нганну журналистің аузын жапты

379 рет
көрсетілді

Ауыр салмақтағы UFC чемпионы Фрэнсис Нганну UFC 270 турниріне арналған баспасөз мәслихатында Сирил Ганға сауал қойған журналистің аузын жапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Турнирдегі Фрэнсис Нганнудың қарсыласы Сирил Ганға сауал қойған журналист чемпионның бұл жекпе-жекті жеңіл санайтынын айтып, осы мәселеге қатысты Ганның жауабын білмек болды. Сол сәтте ашуға булыққан чемпион Ганнан бұрын өзі жауап берді.

«Сирил Ганға қарсы шайқас жеңіл болады деген пікірімді қайдан оқыдың? Сен мені солай айтты деп отырсың. Мен мұныңды түсінбедім. Рас, мен Стипе Миочичке қарсы өткен кездесулер өте қиын болғанын айттым. Алайда Ганға қарсы кездесу жеңіл болады деген жоқпын. Жалпы мен қандай жекпе-жекті жеңіл болады деппін? Осы уақытқа дейін ондай сөз айтқан емеспін. Рас, кейбір шайқастар өте ауыр, ал кейбірі жеңілдеу өтеді. Әйткенмен, кәсіпби спортта оңай шайқас болмайды, досым! Егер сен өміріңде бір мәрте төбелескен болсаң, оңай жекпе-жектің болмайтынын түсінер едің. Сондықтан сұрақ қоятын кезде сөйлеміңді дұрыстап құрап үйренгенің жөн», деді ол.