Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиынға жауапты сала жетекшілерi мен кәсіпкерлер және инвесторлар қатысты.
2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың игерілуін баяндаған кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Б.Азимбердиев қалаға тартылған инвестиция көлемі 462 млрд. теңгені құрағанын атап өтті.
Оның айтуынша, тартылған инвестицияның 75%-ы жекеменшік, 25%-ы мемлекеттік инвестия болып табылады. Ал биыл негізгі капиталға 540 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған.
Қала басшысы Шымкенттің инвестиция тарту әлеуетiнiң жоғары екендiгiне тоқталып, белгіленген межемен шектелмей, инвестиция тарту бойынша жұмыстарды одан да арттыруды тапсырды. Қалаға инвестиция тарту iciнде штаб жұмысының тиімділігін айтып, инвесторлар үшін бюрократиялық кедергiлер азайғанын жеткізді.
Отырыста «Тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндіру», «Күштік трансформаторларды өндіру», «Аяқ киім фабрикасы» сынды жобалар таныстырылып, жергілікті инвесторлардың газобетон өндірici, металл плитка, гофр картон өндiрiсi, балабақша, балалар клиникасы мен жатақхана құрылысын салу бойынша жаңа инвест жобалар талқыланды.
Қала әкімі аталған жобаларды жүзеге асыру бойынша әкімдік тарапынан қажетті қолдау болатынын айтып, салалық басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.