• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Қаңтар, 2022

Тәжікстанға автокөліктер жіберіледі

238 рет
көрсетілді

Сбердің қолдауымен тағы екі қазақстандық жоба экспортын арттырды, деп жазады Egemen.kz.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қарамағындағы ұйым – «KazakhExport» компаниясымен орнатқан серіктестіктің аясында Сбер Банк Қазақстан Тәжікстандағы ірі банктердің бірі «Амонатбонк» банкі клиенттерінің Душанбе қаласындағы таксопаркті кеңейту және тұрғын үй құрылысы бойынша жобаларын қаржыландырды. Бұл – «СарыАрқаАвтопром» ЖШС-ның 200-ге жуық JAC маркалы көліктерді жеткізуге арналған жобасы және «Евраз Каспиан Сталь»  ЖШС-ның құрылыс арматураларын жеткізуге арналған жобасы. Бөлінетін жалпы қаржы шамамен 5 миллион АҚШ долларын құрайды. 

Тәжікстанның жүйе құраушы мемлекеттік жинақ банкі бұл жобалар үшін бірінші  аккредитивтерін шығарып та үлгерді.

«Біз Қазақстаннан басқа елдерге, соның ішінде Тәжікстанға өнімді және қызметті экспорттаумен айналысатын түрлі саладағы отандық өндірушілерге қуана қолдау көрсетеміз. Сбер Банк ұсынып отырған сауда-саттықты қаржыландыру құралдары, сонымен бірге KazakhExport-пен бірге ұсынылатын құралдар қазақстандық компанияларға сыртқы нарыққа шыққан кезде қауіпті азайтуға септігін тигізеді, сонымен қатар қазақстандық экспорттаушыларға  тиімді шарттардың негізінде жасалатын қаржыландыру ұсынысының есебінен өнімді сатып алушыларды іздеу мүмкіндігін арттырады», деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары Александр Титов.