• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Қаңтар, 2022

Елордада бала күтуші жұмыс берушіні тонап келген

440 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ірі ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы қызды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Күдікті 2021 жылдың қараша айынан бастап бүгінге дейінгі бала күтуші болып жұмыс істеп келген. Осы аралықта күтуші өз жұмыс берушісінің 1 млн теңге ақшалай қаражаты мен зергерлік бұйымдарын, гаджет және өзге де заттарын қолды еткен», деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының ПД.

Өтініш берушінің айтуынша, ол күтушіні жұмыспен қамту агенттігі арқылы тапқан. Қыз екі баланы күтіп қарап, сенімге кіріп, отбасын жүйелі түрде ұрлай бастаған. Алдымен ақша жоғала бастаған, мұны жәбірленуші байқамаған. Алайда бала күтушісі алтын бұйымдарды, киім мен гаджет сынды құнды дүниелерді ұрлай бастағанда ғана үйдің иесі заттарының жоғалғанын байқап полицияға жүгінген.

Бала күтуші тұрған бөлмені тексеру барысында полицейлер барлық ұрланған заттарды тауып алып, тәркіледі. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.