• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қаңтар, 2022

Әскери нысандардың күзеті күшейтілді

532 рет
көрсетілді

Бұл жайында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Президентке қазіргі уақытта Қарулы Күштердің жекелеген бөлімшелері ішкі істер органдарымен бірлесіп, террористік қауіптің «қызыл» деңгейінде тұрған өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындауды жалғастырып жатқанын баяндады. Әскери нысандардың, соның ішінде қару-жарақ және оқ-дәрі қоймаларының күзеті күшейтілген.

Қорғаныс министрлігі Мемлекет басшысының Қарулы Күштерді реформалау жөнінде берген тапсырмасын орындауға кірісті.