Арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне жедел шара қолдану мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде арнайы мобильді топтар құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Сондай-ақ арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне тап болған жағдайда хабарласу үшін «prokuror.gov.kz» ресми сайтында облыстық және Бас прокуратураның сенім телефондары жарияланды.