• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қаңтар, 2022

Шетелдегі Қазақстан елшілері сенім грамоталарын тапсырды

304 рет
көрсетілді

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Марокко Королі мен Дания патшайымына және Ирак Республикасының президентіне қазақстандық елшілердің сенім грамоталарын табыстағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Королі Мұхаммед VI-ке сенім грамоталарын тапсырды.

Ал Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Тұматов Ирак Республикасының Президенті Бархам Салихке оны мемлекетіміздің Бағдадтағы Елшісі  қызметін қоса атқарушы ретінде аккредиттейтін сенім грамоталарын тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Дания Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Сергей Нұртаев Дания Патшайымы Маргрета II-ге сенім грамоталарын табыстады.