• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қаңтар, 2022

Буркина-Фасо астанасында оқ атылды

354 рет
көрсетілді

23 қаңтар Буркина-Фасо астанасы Уагадугу қаласында атыс дауыстары естілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, дыбыстар Сангуле-Ламисана әскери лагері аумағынан шыққан. 

Үкімет жазбаша мәлімдемесінде Уагадугу қаласындағы екі әскери казармадан атыс естілгенін растады. Бірақ мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болды деген болжамды жоққа шығарды. 

Үкімет өкілі Алкассум Майга халықты сабырға шақырды. 

Айта кетейік, Буркина-Фасода соңғы апталарда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айыппен әскери қызметкерлер жаппай тұтқынға алына бастады.