• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Қаңтар, 2022

Коронавирус пен пневмония: тағы 9 адам көз жұмды

335 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің 24 қаңтардағы мәліметінше, коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде 8 науқасқа коронавирус, тағы бір науқасқа ковидтік пневмония (COVID-19 белгілері бар) диагнозы қойылды.

Жалпы Қазақстанда пандемия басталғалы бері 1 157 681 адамнан коронавирус анықталды, 13 142 адам көз жұмды. Ковидтік пневмония 85 539 адамнан анықталып, оның 5 249-ы көз жұмды.

152 058 адам коронавирустан емделуде, оның ішінде 10 107 науқас стационарда, 141 951 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр.

386 науқастың жағдайы ауыр, 124 науқастың жағдайы өте ауыр, 71 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.