• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 24 Қаңтар, 2022

Жан Кособуцкий WBC белдігінен айырылды

1265 рет
көрсетілді

Аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы жан Кособуцкий өзіне тиесілі болған WBC International Silver белдігінен айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Boxingscene.com порталы ақпарат таратты. Деректерге сенсек, енді оның белдігіне кубалық Хосе Лардуэта мен сербиялық былғары қолғап шебері Душан Велетич таласатын көрінеді. Жекпе-жек Германияның Гамбург қаласында өтеді деп жоспарланған. 19 ақпанға жоспарланған бокс кешінде Жан Кособуцкий де шаршы алаңға шығады. Ол франциялық Жоан Дюопаға қарсы өтетін кездесуде WBC Silver белдігіне таласпақ.