Бүгін, 17 наурыз күні Эквадорда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары кезінде инсульт алған «Astana Continental» клубының велоспортшысы Ерлан Пернебеков қайтыс болды. Бұл туралы «Astana Pro Team» командасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған клубтың хабарлауынша, 14 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша кешке жақын Ерлан кезекті жаттығулардың бірінен кейін бас ауруымен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Сол кезде ол ауруханаға жеткізіледі. Тексеріс кезінде Ерланның миындағы қан тамырларының бірі үзіліп кеткендігі анықталды. Содан кейін спортшыға жасанды кома қолданылды. Бірақ, осының бәрі Ерланның өміріне араша бола алмады...
Қазір Сыртқы істер министрлігі Ерлан Пернебековті елге жеткізу мәселесін қарастыруда.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: http:// astanafans.com.
Фото: http:// astanafans.com.