• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2014

Алты боксшымыз «Агонг кубогінің» иегері

440 рет
көрсетілді

Малайзияның Алор-Сетар қаласында өткен «Агонг кубогі» жолындағы жарыста Қазақстанның тәжірибелік ұлттық құрама командасы алты алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан Бокс федерациясы хабарлады. Жарыста өз салмақтарында Әділбек Әділжан (56 кг), Бағдат Уайдаев (60 кг), Мәулен Өскенбек (64 кг), Айтжан Шлеев (69 кг), Нұрзада Сабыров (75 кг) пен Тұрсынбай Құлахмет (81 кг) кубок иегері атанды. Ал Мәулен Өскенбек жарыстың ең үздік боксшысы атағына ие болды. Жалпы, оған 8 елден 58 боксшы қатысты. Бұл – тәжірибелік құрама команданың халықаралық шаршы алаңдағы алғашқы жеңісі. Қазір оның құрамына болашағынан үміт күттіретін 22 спортшы еніп отыр. Команданың өзі қаңтар айында құрылғанын білесіздер. Дастан Кенжалин. Дереккөз:www.ktb.kz. Фото: www.ktb.kz.