«Ауылдық елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасын іске асыру шеңберінде «ТРИНТА» ЖҚ Android платформасына арналған Kenes мобильді қосымшасын әзірледі.
Қосымшада адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси, азаматтық құқықтары және қоғамдық мүдделері туралы ақпарат жинақталған. Оның көмегімен қоғамдық мүддені іске асыру, кеңес алу және шағымдану мүмкіндіктері туралы (call-орталықтар, телефондар, сілтемелер және т.б.) білуге болады.
Қосымшада заңгерлердің тегін көмегін алу мүмкіндіктері егжей-тегжейлі сипатталған. Қосымша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әзірленді.