Бұл күндері Аустрияның Инсбурк аймағында конькимен жүгіру бойынша жастар арасында Әлем кубогының кезеңдік жарыстары өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде отандық жас атлеттер ел қоржынына екі медаль салды.
Бірінші күнгі бәсекеде 500 метр қашықтық бойынша сынға түскен Алина Дауранова үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ Алина 1500 метрлік жарыста да қола медальға қол жеткізді. Ал ұлдар арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 500 метрді үшінші болып бағындырды.