• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 25 Қаңтар, 2022

Президент «Орталық Азия - Қытай» министрлік консультацияларының тетігін іске қосуды ұсынды

424 рет
көрсетілді

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайға 135 позиция бойынша экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыртуға мүмкіндігі барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Орталық Азия - ҚХР» саммиті барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық әріптестерінің деректеріне сілтеме жасап, соңғы 30 жылда Қытай мен Орталық Азия арасындағы сауда көлемі 100 еседен асқанын атап өтті.

«Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін жігерлі күш жұмсау қажет. Бұл міндет кедергілерді жоюда тауар айналымы құрылымын әртараптандыруды, кеден істеріне тәртіп орнатуды және инновациялық шешімдер енгізуді көздейді. Қазақстан Қытайға 135 позиция бойынша, оның ішінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік бойынша экспорттық жеткізілімдерді 1 млрд доллардан астам мөлшерге өсіруге қабілетті. Осыған байланысты сауда және көліктік өзара байланыс мәселелері бойынша бірлескен тәсілдерді әзірлеу үшін «Орталық Азия + Қытай» министрлік консультацияларының тетігін іске қосуды ұсынамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев саммитте сөйлеген сөзінде.