Әр отбасыны көл-көсір қуанышқа бөлеп, ата-ана бақытын сезіндіретін тұңғыш перзенттің жөні бөлек. Алайда атыраулық 52 жастағы әйелге мұндай қайталанбас сәтті көп күтуге тура келді.
Бір балаға зар болған ана «Аңсаған сәби» жобасымен бөлінетін ЭКҰ квотасына үміт артқан екен. Үміті ақталып, жақында облыстық перинаталдық орталықта тұңғыш сәбиін босанды.
– Бұл жаста өмірге сәби әкелу оңай емес. Біздің пациент бұған дейін көп жыл емделсе де бала көтере алмаған. Содан соң «Аңсаған сәби» жобасымен бөлінген квотаға сәйкес ЭКҰ арқылы бала көтерген. Облыстық перинаталдық орталықтың білікті дәрігерлері оған 19 қаңтарда ота жасады. Тұңғыш сәбидің салмағы – 3 кило 70 грамм, бойы – 51 см. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, – деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.
Атырау облысы