• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қаңтар, 2022

Қарағандыда заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

316 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында ұсталған браконьерден 200 келіге жуық балық тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтоғай ауданының полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Балқаш көлі маңында рейдтік іс-шара өткізу кезінде су қоймасының жағасында келе жатқан көлікті байқаған

Полицейлер Алматы облысының 38 жастағы тұрғынының басқарған автокөлікті тоқтатқан кезде көлік салонын балық аулау құралдары, сондай-ақ 200 келіге жуық әртүрлі жаңа ауланған балық тәркіленген.

Келтірілген шығын сомасы 961 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.