Алматыда коронавирус жұқтырған 1 430 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 2 126 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 212, келіп түскені – 232.
«Инфекциялық стационарларда 1 430 адам бар (төсек-орын саны 3310 ). Оның ішінде 150 бала емделіп жатыр», деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 90 адам жатыр. Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 31 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 11 509 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 10 831 науқас.
Симптомсыз 678 науқас бар.