Арыстанғани Заппаров ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Арыстанғани Расылханұлы Заппаров Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.