Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды», делінген жарлықта.