Белгілі бокс сарапшысы Крис Мэнникс WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Деметриус Андраденің міндетті қарсылас Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартқаны туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иә, енді бұл жекпе-жектің бірнеше мәрте кейінге шегерілген промоутерлік саудасы өтпейді. Өйткені АҚШ боксшысы чемпиондық белдікті бос қалдырып, екінші орта салмаққа ауысқанды жөн деп тапқан. Деректерге сенсек, Деметриус Андраде екінші орта салмақтағы WBO-ның уақытша чемпионы Зак Паркерге қарсы шайқасқа шығып, Сауль Альварестің міндетті қарсыласы атануға бел буған.