Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның екі ел арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу үшін Ресей көшбасшысы Владимир Путин мен Украина Президенті Владимир Зеленскийдің кездесуін өткізуге дайын екенін тағы да айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Егер екі жақта да бірдей ниет болса, Түркия арадағы бейбітшілікті қалпына келтіруге жол ашу үшін Ресей мен Украина басшыларының кездесуін ұйымдастыруға дайын», деді Түркия басшысы жергілікті телеарнаға берген сұхбатында.
Түркия Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс ушықпай тұрғанда шешілгенін қалайды.
Режеп Тайып Ердоған мәселені қарулы шабуылмен шешу аймақ үшін ұтымды болмайтынын айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін Режеп Тайып Ердоған Владимир Путинді Түркияға шақырған. Бірақ сапардың күні әлі белгіленбеген.