Ә. Смайылов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңның жобасын 4 ақпанға дейін Үкіметке енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңның жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған. 18 заңнамалық актіге – 7 Кодекс пен 11 Заңға түзету енгізу жоспарланған.
Үкімет басшысы Заң жобасын осы жылдың 4 ақпанына дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізуді тапсырды.
«Заң жобасын талқылауға қалың жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын», деді Ә. Смайылов.