Нұр-Сұлтан қаласында ер адам тұрғын үйдің 9 қабатынан түспек болып, құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«26 қаңтар күні полицияға Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден ер адамның құлағаны туралы хабар келді. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамның денесін тапты. Анықталғандай, ер адам 9 қабаттан жерге түспек болып, құлап кеткен», делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.