• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Технология 28 Қаңтар, 2022

Қалаларды цифрландыру 2024 жылы аяқталады

609 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, биыл Ақтөбе, Арыс, Қарағанды, Лисаков және Өскемен қалалары цифрландырылады.

Индустрия және инфрақұ­ры­лымдық даму министрлігі елдің құ­рылыс саласын цифрландыру және «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық сер­пі­ліс» ұлттық жобасы аясын­да ин­фрақұрылымдық ны­сан­дар есебін және елді ме­кен­дер құ­рылысы мониторингін жақ­­сар­татын мемлекеттік қала құры­­лысы кадастрының цифрлы дерек­қорын әзірлеуде.

Қазір жерасты және жер­үсті инженерлік коммуни­кацияларын түгендеу арқылы қалалардың цифр­лы кадас­трлық жоспарлары жасалып жатыр. Бүгінгі таңда жұмыс 63 пайызға аяқ­талды. Қала құ­рылысы кадас­тры­ның де­рек­қорына қазір 805 цифр­ландырылған бас жос­пар мен егжей-тегжейлі жоспарлар енгізілді.

Былтыр өңірлерде 25 мың гек­тар құрылыс салынған аумақ цифрландырылса, биыл Ақтөбе, Арыс, Қарағанды, Лисаков және Өс­кемен қалаларында ин­же­нер­лік желілерді түгендеу жос­пар­ланған. Ірі елді мекен­дерді (аудан орталықтары дең­гейіне дейін) цифр­ландыру шараларын 2024 жыл­ға қарай аяқтау көзделіп отыр.

Қала құрылысы кадастры жүйесін бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрымен және әкімдіктердің геопорталымен біріктіру жұмыстары қатар жүргізіліп жатқанын айта кету керек.