• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қаңтар, 2022

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 360 миллионнан асты

149 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша, әлемде коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының саны 360 миллионнан асты, 5 миллион 62 мың адам қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДҰ-ның мәліметінше, кеше әлемде 578 392 адам ауру жұқтырып, 5 620 865 адам көз жұмған. Ауруды жұқтырғандар саны бір күнде 3 395 352-ге, ал қайтыс болғандар 10 176-ға өсті.

Ең көп індетке шалдыққандар АҚШ-та тіркелген - 71 812 665 адам, одан кейін Үндістан (40 371 500), Бразилия (24 311 317), Франция (17 252 793) және Ұлыбритания (16 149 323) келеді.

Сондай- ақ ең көп өлім саны Құрама Штаттарда – 866 039, екінші орында Бразилия (623 843), үшінші орында Үндістан (491 700). Одан кейін Ресей (328 770) және Мексика (303 776) тұр.