WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде екінші орта салмаққа көтерілуге ыңғай танытқанына қарамастан, бүкіләлемдік бокс ұйымы АҚШ боксшысын қорғап әлек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күні кеше ғана Деметриус Андраденің екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағы үшін ұлыбританиялық Зак Паркермен қолғап түйістіруге талпынып жатқаны туралы ақпарат тараған. Өз кезегінде ол Паркерді жеңсе, екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварестің міндетті қарсыласы атанатыны мәлім.
Енді WBO басшылығы Деметриус Паркермен кездесуге шыққанына қарамастан, орта салмақтағы әлем чемпионы атағын уақытша сақтауға мүмкіндік беретіні туралы ақпарат тарады. Иә, Андраденің Паркермен кездесуден кейін еркін ойлануына, қаласа орта салмаққа қайта оралып, Жәнібекпен жұдырықтасуына болады-мыс. Бұрын-соңды мұндай қадамға бармаған бүкіләлемдік бокс ұйымы «Америка» ашқалы отыр ма? Әзірге түсініксіз.