• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Қаңтар, 2022

Елордада автокөлік аударылып қалды

Тексеру нәтижелері бойынша жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндегені анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«28 қаңтарда таңғы сағат 05:22-де Honda автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Қарасай батыр көшесімен Бұланты көшесіне қарай қозғалып, жол белгісіне соғылған. Ауыр соққыдан көлік  аударылып кетті», деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Куәландыру нәтижесі бойынша ер адам автокөлікті мас күйінде басқарған.

Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Ал көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Соңғы жаңалықтар