Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы күнге дейінгі атқарылған жұмыстарға көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өткен жылғы сайлау қорытындысы бойынша Nur Otan халықтан қажетті сенім мандатын алды. Алайда атқарушы билік оны пайдаланбады, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына жол берді. Тапсырмалар, жоспарлар, міндеттер көбінесе қағаз жүзінде орындалды», деді Президент мәселенің мәнісіне тереңірек үңіліп.