• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 28 Қаңтар, 2022

Үкімет жанынан Су кеңесі құрылады

4122 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осындай бастама көтерді. Кеңестің басты міндеті су мәселесі бойынша өтетін мемлекетаралық келіссөздерде Қазақстанның мүддесін табанды қорғау болмақ, деп жазады Egemen.kz.

Вице-министр Серік Қожаниязов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде аталмыш кеңесті ҚР Премьер-Министрі басқаратынын мәлім етті.

«Бірінші, мемлекетаралық өзара қарым-қатынастардың аса маңызды мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу үшін келіссөздер процестеріндегі Қазақстанның ұстанымын күшейту үшін ҚР Премьер-Министрінің басшылығымен су кеңесі құрылмақшы. Бұл кеңестің негізгі міндеті сыртқы су саясатын әзірлеу барысында Үкіметтің барлық құрамының іс-қимылын үйлестіру болады», деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, министрлік су ресурстары комитеті мен оның бассейндік инспекцияларын күшейтуге жол ашпақшы.

«Су ресурстарын басқарудың қолданыстағы жүйесі бірінші кезекте су шаруашылығы құрылыстарын қайта жаңарту және салу жөніндегі жобаларды іске асыруға бағытталған. Су ресурстарын есепке алу, су үнемдеу, талдау және жағдайдың дамуын болжау сияқты мәселелер тиісті назардан тыс қалып келеді. Бассейндік инспекцияларды су ресурстарын мемлекеттік басқарудың негізі ретінде қарау қажет», деді ол.