• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Қаңтар, 2022

Жұмысшыларының жалақысын көбейтті

321 рет
көрсетілді

Биыл қаңтар айынан бастап «Алтыналмас АК» АҚ қызмет­кер­лердің еңбекақысын көбейтетін болды. Сонымен салыс­тырмалы талдау деректері негізінде компания басшылығы «Алтыналмас АК» АҚ жұмысы іркілмеген барлық өндірістік ала­ңында еңбекақыларды кезең-кезеңімен дифференциалды қайта қарауға шешім қабылдады.

2019 жылдан бері аталған ком­пания жыл сайын Қазақ­станның еңбек нарығының еңбек­а­қы­ларына шолуларға қа­ты­сып жүр. Тау-кен өндіру сек­то­рындағы тиісті көрсет­кіш­тер мен инфляция деңгейі өндірістік пер­соналдың еңбе­гі­не ақы төлеу дең­гейінің бағ­да­ры болып қала бермек.

Нақты айтқанда, 2022 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап, бірін­ші кезекте, операциялық пер­сонал, яғни жұмысшы кәсіптер мен қа­­тар­­дағы мамандардың жа­ла­қысы 10%-дан 30%-ға дейін көбейеді. Бұл ретте қолданыстағы жала­қы дең­гейі еңбекақы төлеудің сала­лық көр­сеткіштерінен төмен бол­ған қызметкерлерде жала­қы­ның өсуі жоғары болады.

Компания тұрақты негізде елдегі макроэко­но­ми­калық жағ­дай­ды зерттейді, жалақының бәсе­кеге қабілеттілігіне талдау жүр­­гізіп отыр. Қажет болған жағ­дай­да қызметтің өндірістік және қаржылық нәтижелерін ескере отырып, еңбекақы дең­гейін түзе­теді.

«Пандемиядан туындаған қиын­дықтарға қарамастан, біз ком­пания қызметкерлерінің әл-ауқа­тын арттыруды жалғас­ты­руға кезекті рет ше­шім қабыл­да­дық. Бұл біздің қаты­са­тын өңір­лерді қолдаумен қатар, әлеу­мет­тік қызметіміздің маңыз­­ды басымдықтарының бірі болып табылады», дейді «Алтын­ал­мас АК» АҚ басқарма төра­ға­сы Дияр Қанашев.

«Алтыналмас АК» АҚ – то­лық геологиялық, тау-кен өнді­­ру және ал­тын өңдеу циклі. Ком­­па­­нияның Қазақ­стан­ның­ төрт айма­­ғын­да актив­те­рі, атап айт­қанда Қара­ған­ды облы­сы­ Ақтоғай ауда­­нын­да­ғы «Пус­тынное» жобасы, Жам­был облысы Мо­йын­құм ауда­нын­­дағы «Ақ­бақай» жобасы, Шығыс Қазақстан облы­сын­дағы «Мизек» кен орны, сондай-ақ Ақмола облысындағы «Ақсу-2», «Жолымбет», «Ақсу КГ» жобалары мен «Қазақалтын ТКМК» АҚ нысандары бар.

 

АЛМАТЫ