• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тарих 31 Қаңтар, 2022

Ахаңның мерейтойы өткен ғимарат

256 рет
көрсетілді

Бүгін − осыдан 99 жыл бұрын Орынбордың ең үлкен залы Свердлов атындағы клубта Ахмет Байтұрсынұлының елу жылдығы аталып өтілді. Ұлт ұстазының айтулы мерейтойын өткізуге сол кездегі Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы Сәкен Сейфуллин ұйытқы болды.

Алаш ардақтысының  50 жылдығы алдымен 1922 жылы қыркүйекте Таш­кент­­те болды, сол кезде мерзімді баспасөзде С.Сәдуақасов, М.Әуезов, М.Дул­атов, Е.Омаров секілді заман­дас­­тары көрнекті тұлғаның қазақ хал­қы­на сіңір­ген еңбегін жоғары бағалап, ма­қа­лалар жариялады.

Ал 1923 жылы 28 қаңтарда Орын­борда өткен ұлт қайраткерінің елу жыл­ды­ғына арнаған жиынды Сәкен Сей­фул­линнің өзі басқарып, сөз сөйле­ді. Дауылпаз ақынның ол сөзі 1923 жылы 30 қаңтар күнгі «Еңбекші қазақ», (бү­гінгі «Егемен Қазақстан») газетін­де жа­рия­­ланды. Онда: «Ахмет Байтұр­сын­­ұлы – ұлтын шын сүйетін шын ұлт­­­шыл! Өзге оқыған мырзалар шен із­деп жүргенде қазақтың ұлт намысын жыр­­­­тып, ұлттық арын жоқтаған патша зама­­­нын­да жалғыз-ақ Ахмет еді. Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қыл­ды. Әуелі ол школда қазақ балаларын оқыт­­­­ты. «Қазақ» газетін шығарды. Қазақ мек­теп­теріне арнап «Оқу һәм тіл құрал­­­да­рын» жазып шығарды. Ахаң – ба­­­йын, кед­е­йін айырмай, қазақты ғана сү­йе­­тін адал жүрек, таза ұлтшыл» деп жазған екен.

Жиында қазақ халқының әндерін жинақ­таушы, белгілі композитор Алекс­андр Затаевич Ахаңның музы­калық шығармаларын орындап, жиыл­ған қауымның көңілін көтеріпті. Осы­дан кейін Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы көзі тірісінде өткен жоқ.